Темір жол тораптарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін арнайы құзырлы мекеме мамандары рейд жүргізді. Негізгі мақсат азаматтардың өміріне қауіп төндіретін жағдайаттардың алдын алу және болдырмау. Поезд релістері орналасқан жерде тұрғын үйлер көптеп бой түзегені ақиқат. Ал арнайы теміржолдан өту бекеттері болса тұрғын үйлерден алшақ орналасқан. Сол себепті қала тұрғындарының басым көпшілігі рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтетін жайттар жиі кездеседі. Қайғылы оқиғаны болдырмау мақсатында оздырылған шарада құқық қорғау қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.