Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақыңызды қалай  пайдаланасыз?

c 09:33, 03/02/2021 c 346

0:00 / 0:00

«Отбасы» банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалануға өтініш білдіріп жатқандарға өз кеңесін берді. Ибрагимова қазақстандықтардың екінші нарықтан баспана сатып алуға асықпағаны жөн дейді. Оның болажуынша, қазір құны шарықтап тұрған пәтердің бағасы, мамыр-маусым айларында төмендейді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін баспана жағдайын жақсартуға, емге жұмсауға өтініш білдіріп жатқандар саны күн сайын артуда. Алайда, мәлім болғандай көбінің жинағы баспана алу үшін бастапқы жарнасын жабуға да жетпейді.  Ал зейнетақы қорындағы қаражат халыққа беріледі деген ақпарат шығысымен, нарықта баспана құны шарықтап кетті. Бұрын елордада бір бөлмелі пәтер 10 миллион теңгені құраса, қазіргі бағасы 15 млн жетіп жығылады. Банк мамандары дәл қазір баспана сатып алуға асықпауға кеңес береді.

Ләззат Ибрагимова – «Отбасы Банк» АҚ басқарма төрағасы -«Әрине адамдар қазір пәтер сатып алғысы келіп жатыр. Бар мүмкіндікті пайдаланғысы келеді. Асығыстық танытпаған жөн. Нарықтағы баға да қайта өз қалпына келеді. Меніңше мамыр айының ортасында, маусымда қазір құны шарықтап тұрған пәтерлердің бағасы төмендеп, өткен жылдағыдай болады »

Соңғы бес жылда  жинақтың айтралықтай бөлігі девальвация салдарынан құнсызданып қалды. Оған қоса БЖЗҚ триллиондаған зейнетақы ақшасын тәуекелі бар, бірақ жоғары табыс әкелетін акцияларға сала алмайды. Сондық бұл ақшаларға мемлекеттік облигациялар сатып алынады. Бұл сенімді, бірақ үстінен түсетін пайыздық табысы өте аз. Бар жоғы 4,8  процентті құрайды.  Ал банктерде депозитке салған ақшаң  үшін беретін проценті  әлдеқайда жоғары. Енді, салымшы өзінің жинағының бір бөлігін тек баспана мен емге ғана емес, басқарушы қаржылық компанияларға да сала алады.

Ләззат Ибрагимова – «Отбасы Банк» АҚ басқарма төрағасы -"Өзім консервативті жолды таңдар едім. Бір жарым жылдан кейін 50-ге келемін. Менің ойымша зейнеткерлікке 15 жылдай уақыт қалса, консервативтік сценарийді ұстанып, ақшаны барынша түсінікті активке салу керек. Бірыңғай зейнетақы қорында қалдырған да дұрыс. Сонда жасыңыз келгенде лайықты зейнетақы аласыз. Бұл менің жеке кеңесім"

Дегенмен, БЖЗҚ-на  халықтың сенімі жоғалған. Ашықтық жоқ, жинақты басқару ісінде тиімділік жоқ деген сыни пікірлер де көп айтылады. Бұл болашақ зейнеткерлер үшін мардымсыз зейнетақы төленеді деген сөз. Экономистердің айтуынша,  қазақстандықтардың жинағынан Ұлттық банк пен БЖЗҚ жылына 60 млрд көлемінде  комиссиялық кіріс тауып отыр. БЖЗҚ әкімшілік шығындарының өзі 20 миллиард теңгені құрайды дейді экономист Рақым Ошақбаев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.