Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Рекламный отдел: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Новости

13:30

Новости

18:30

Новости

21:00

Новости

Жедел штаб отырысы

c 12:15, 22/10/2020 c 631

Коронавирус инфекциясына қарсы облыстық жедел шатбтың отырысы өтті. Өткен аптада аймақта індет жұқтырған 13 адам тіркелсе, қазір жалпы саны 20-дан асып жығылып отыр. Сондықтан қоғамдық орындар мен көше бойында тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауына көңіл бөлінуі керек. Штаб отырысында осы мәселе айтылып, індеттің алдын алу шараларын қатаңдату тапсырылды.

Өңірлік штабтың отырысы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өтті. Облыста індеттің өршуіне жол бермеуді көздеген жиында санитарлық талаптарды күшейтіп, қадағалау шараларын қолға алу тапсырылды. Егер талап сақталмаса, төтенше жағдай қайта енгізіліп, көптеген нысандардың жабылуына алып келеді,- деді облыс әкімі.

Өткен аптада жаман індет жұқтырған 13 адам тіркелсе, қазір саны 20-дан асып отыр. Сырқаттанғандардың 52 пайызы өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі той-томалақтарға қатысқан. Індет жұқтырған адамдардың тағы 10 пайызының қоғамдық орындарда бетперде кимей жүргені анықталды.

Сондай ақ қоғамдық көліктерде жолаушылардың бетпердесіз жүрулері мен жүргізушілердің ережеге бағынбауы көп орын алуда. Ал ескерту мен шектеуге қарамай отбасылық мереке, жиын өткізгені анықталған мейрамханалардың әрекеті қайталанса, істері сотта қаралатын болады.

 

Все материалы размещенные на сайте tdk42.kz защищены авторским правом и являются собственностью телеканала ТДК-42. Любое копирование возможно с согласия редакции телеканала или с обязательным указанием гиперссылки на источник материала tdk42.kz