Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сырым ауданында жол құрылысы жүріп жатыр

c 15:42, 14/09/2020 c 556

БҚО Сырым ауданының орталығында 5 көшеге жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 224 млн. теңге ақша бөлініпті. Бұдан бөлек ауылдарға апаратын кіреберіс жолдардың да құрылысы жасалуда.
Бұл Сырым ауданындағы басты көшелердің бірі.Ауданның келбеті саналатын дәл осы жерде өрнек тас төсеу жұмыстары, орталықты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Бұдан бөлек төрт көшеге тас жол салу жұмыстары жүріп жатыр.Ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында салынатын көшелерге деп 224 милн қаржы бөлінген.
Бұдан бөлек Сырым ауданы бойынша ауылдардың кіреберіс жолдарын салу үшін қаржы бөлінген. "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы бөлінген қаржыға Алғабас, Тоғанас ауылдарына кіреберіс жолдар салынып жатыр.
Сырым ауданы тоғыз жолдың торабаныда орналасқан аудандардың бірі. Сондықтан да аудан келбетіне нұқсан келтірмеу үшін ауданды абаттандыру жұмыстары мен құрылыс жұмыстары жоспарға сәйес жүргізіліп келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.