Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылқы малын өсіру мәселелері талқыланды

c 16:13, 17/05/2021 c 490

0:00 / 0:00

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жылқы саны 3 млн.нан асып жығылады. Алайда осы саланы түбегейлі зерттеп, жаңашылдық ашуға атсалысатын ғалым тапшы. Сол кем тұстың орнын толтыру, жылқылардың тұқымдық құндылығын арттыру, жылқы өсіру технологиясын дамытуға арналған курс ұйымдастырылды. Оған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасындағы AGROTECH HUB жобалық кеңсесі мұрындық болды.

Курс жұмыстарына Батыс Қазақстаннан өзге Атырау, Ақтөбе облыстарынан жылқы шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіп иелері қатысты. Оларға асыл тұқымды жылқыларды сақтап қалу, генетикалық зерттеу жүргізу бағытындағы жаңа тың жобалар таныстырылды. Жалпы ел бойынша жылқыны асылдандыру бағытында зерттеу жүргізіп жүрген 30-дан аса ғалым бар екен. Бүгінгі курстан кейін олардың қатары 13 ғалымға толығып отыр.

Арнайы курстың Жәңгір хан университеті базасындағы AGROTECH HUB жобалық кеңсесінде өтуі кездейсоқтық емес. Өйткені кеңсенің жұмыс бағыттарының бірі- жылқы шаруашылығы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.