Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмысына салғырт қараған полиция қызметкерлері жауапқа тартылды

c 16:19, 10/07/2020 c 444

2019 жылы Тасқала аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 47 тұрғынға негізсіз айыппұл салған. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері хабарлайды. Тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылықтың 505 бабына сәйкес, аулаларды абаттандырмады деп азаматтарды жауапқа тартқан. Прокуратура қызметкерлерінің тексерісі нәтижесінде құқық қорғаушылардың бұл іс-әрекеті заңсыз екені анықталған. Яғни "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңнамасының 6- бабы 1- тармағына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын облыстық мәслихат бекітеді. Облыстық мәслихат осы қаулыны 2020-жылдың 18-наурызында ғана қабылдап, қаулы заң күшіне 28 -шы наурызда енген. Осы жәйтті біле тұра полиция қызметкерлері 50-ға жуық адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырып, айыппұл жазған. Қазіргі таңда әкімшілік қаулының күші жойылып, полиция инспекторлары жауапқа тартылыпты.

Сурет ғаламтордан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.