Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүк көлігі жол апатына себеп болды

c 17:42, 08/05/2019 c 895

0:00 / 0:00

Бүгін таңғы 8 бен 10 ның аралығында «Депо» көпірінде ірі көлік кептелісі болды. Негізінен бұл жағдайға жүк көлігінің жол ережесін бұзуы себеп болды дейді оқиғаның куәгерлері. Мәселенің мән-жайын қазір жол сақшылары анықтау үстінде. Таң сәрісімен көпірде болған жол көлік оқиғасы жүргізушілердің де жолаушылардың да жүйкесін жұқартты. Мәселен, шетелдік жүк көлігінің жүргізушісі электронды жол нұсқаушысымен қозғалып келе жатып, жеңіл көлікпен соқтығысып, қарама-қарсы жолаққа шығып кетеді. Нәтижесінде екі автокөлік- Хюндай Акцент пен Лада приора зардап шекті. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі Орал қаласын дұрыс білмейтіндіктен қателікке бой алдырдым дейді, ақталып. Қазіргі таңда шетелдік жүк көлік иесінің бұл әрекетінің ақ қарасын тәртіп сақшылар анықтауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.