Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жосалыда шешілмеген түйіткілді түйін көп

c 15:56, 09/08/2022 c 1690

0:00 / 0:00

Аудан мен ауылды жалғайтын тас жолы күрделі жөндеу көрмеген Жосалының тұрғындары ауыз суға да жарымай отыр. 2017 жылы ауылдық округке "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауыз су кірген. Алайда ұңғымалардағы насос істен шығып, құбырлар жиі жарылады екен. Жол мен ауыз судан тарығып отырған бұқара жарықсыз да жан бағып келеді. Ал, мамандар ауылдағы тозығы жеткен бағаналарды толықтай жаңалау үшін 12 жыл уақыт керек,- дейді.

Жолдың машақатын тартқан Жосалы ауылдық округінің тұрғындары ауыз судан да тарығып отыр. Ауылдық округтің орталығы Қоңыр ауылы Сырым ауданына қарасты 7 елді-мекенді ауыз сумен қамтиды. Елдімекенге 2017 жылы "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасы арқылы суды үйге кіргізіпті. Бұған дейін тұрғындар 2005 жылдары салынған ұңғыманың суын колонкалар арқылы ішіп келген. Алайда өткен қыс пен көктемде әлгі ұңғыманың насосы істен шығады. Талдау нәтижесінде ұңғыма суының азайғанын анықталады. Кейін 2017 жылы қазылған ұңғыманы пайдалауға шешім қабылданыпты. Бірақ шешім де ауыз судан тарыққан ағайынға қуаныш сыйламады. Ұңғымамен су резервуарын жалғайтын құбыр жиі жарылып, азаматтар апталап ауыз судан таршылық көрген.

Жауаптылар қазіргі таңда диаметрді 63 саниметрді құрайтын құбырды алмастыру үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын айтады. 8 шақырымдай құбырды ауыстыру үшін 70 млн теңгедей қаражат керек екен.

Суы мен жолы жоқ Жосалылықтар жарықтан да жиі ажырап қалады. Бір үйі жарығы сөнсе, бүкіл ауыл электр энергиясыз отырады. Ауылдық ағайын тіпті жаздыкүні жарықсыз күнелтеміз деп шағымданып отыр. Ал, елдімекендегі трансформаторлардың тиісті қоршауы жоқ. Ауыл ішінде тозығы жетіп, құлайын деп әзер тұрған бағанадан көз сүрінеді.

Атқамінерлер ауылдағы барлық бағананы алмастыру үшін 12 жылдай уақыт керек деседі.

Жосалыда қордаланған проблема көп. Алайда, тұрғындар осы өзекті мәселелер тезірек шешімін тапса,-дейді.

Сурет https://baq.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.