Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдың жыры

c 17:19, 13/10/2020 c 577

0:00 / 0:00

Департамент қызметкерлері «Сапалы Жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» филиалымен бірлесе отырып, осы кезге дейін 41 тексеріс жұмыстарын жүргізген. Соның 28 Орал қаласында болса, 4 облыстық маңызы бар жолдарда, ал 9 облыс жолдары. Сараптама нәтижесінде 37 талап бұзушылық анықталды, оның 19  жойылса, 18  ақаулар сол күйінде тұр.
Жұмысқа салғырт қарап жолды сапасыз жөндеп жатырған мердігер компаниялар жетерлік. Салдарынан осындай проблемалар Мендешев, Шыңғырлау, Жұмалиев көшелеріндегі жөндеу жұмыстарында байқалады. Тексеріс жұмыстары уақытылы жүріп жатыр. Алайда әзірге нәтиже аз, кемшіліктер болса сол қалпында.
Өңір басшысы Ғали Есқалиев ақша табу мақсатында бірнеше нысанды қатар алатын мердігер компанияларды жазалау керектігін қадап айтқан болатын. "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы өңірдегі жол құрылысына 11 млрд. теңге бөлінген. Жалпы 50 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 31 облыс орталығында атқарылып жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.