Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолаушылар мен жүк тасымалдауда 85 заң бұзушылық тіркелді

c 17:39, 14/04/2022 c 455

0:00 / 0:00

Жолда жүйіткіген көлік көп. Темір тұлпарларды тізгіндеген жүргізушілердің дені такси қызметінде жұмыс жасайды. Полицияның келтірген мәліметі бойынша күні бүгінге дейін жолаушылар мен багажды тасымалдауда 85 заң бұзушылық тіркеліпті.

Облыс орталығы мен аудандарға қатынайтын такси көп. Бірі- түрлі бағдарламаға қосылып, жолаушыларды тасымалдаса, енді бірі-ешбір жерде тіркелмей, заңсыз жұмыс істейді. Құқық қорғау қызметкерлерінің келтірген статистикасына сүйенсек, 2021 жылы 43 заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Тіпті заңсыз тасымалдау бағдарламасында қыз баланы зорлап кетіп, жазықтылар жауапкершілікке тартылды. Жолаушыларды тасымалдайтын көліктер жол көлік оқиғасына түсіп жатады. Бір оқиға қаңтарда тіркеліпті.

Вокзал маңында өзге облыстарға қатынайтын такси көп. Темір тұлпарлардың иелерін сөзге тартып көрдік. Алайда жүргізушілер біздің түсірілім тобымен тілдеспеді. Қалада тек ресми тіркелген 2 такси қызметі бар. Олардың бірі 20 жылдан бері жұмыс істейді. Ресми такси қызметінің мамандары мен жүргізушілер міндетті медициналық тексерістен өтіп, көлік құжаттары тексерістен өтеді екен. Және таксометр қызметіне жүгінген жолаушылар сақтандырылған. Жол көлік оқиғасына ұшыраса өтемақы төленеді.

Бүгінгі таңда тасымалдау қызметінде сұраныс пен ұсыныс көп. Заңсыз тасымалмен айналысатын ұсыныстардың саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймайды.
Жолаушылар уақыт пен қаражат немесе қауіпсіздік мәселесін таңдауда өзі шешім қабылдайды.

Сурет https://kstnews.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.