Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстары басталды

c 17:45, 07/04/2020 c 767

0:00 / 0:00

Карантиндік режим енгізілгелі бері, көліктердің қозғалысы азайып, жол құрылысы қарқын алды. Мүмкіндікті мүлт жібермеу үшін жол жөндеушілер шұңқырларды жамау және жолдарды таңбалау жұмыстарына да кірісіп кетті. Бүгінгі таңда қала ішілік 4 учаскеде жолдарды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары ширай түсті.Шаһардағы  "Сарытау" мөлтек ауданындағы 7 көшеге асфальт төсеу мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың құрылысы басталды. «Түркістан жол сервис» ЖШС нің 40-қа жуық қызметкері мен 20-ға жуық техникасы бүгінде қызметке кірісіп кеткен. Бұл аудандағы   жұмыстар жаз маусымының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.  Ал жол жөндеу шаралары  өткен жылы басталып, ауа райының қолайсыздығына орай тоқтатылған болатын. Сала мамандарының айтуынша, карнатиндік режимге қарамастан белгіленген жоспар бойынша облыс орталығында жұмыстар атқарыла берілетін болады. Осы орайда жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында қосымша жұмыс күштері де тартылып, межелі міндеттер уақытылы аяқталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.