Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Жол сапасына кім жауапты?

c 11:45, 17/08/2020 c 418

0:00 / 0:00

Ақсай қаласында салынып жатырған жолдың сапасын кім қадағалайды? Технодзор қайда? Бұл Ақсай қаласында адалдық алаңы республикалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгуловтың ескертпесі. Ақсай қаласында болған мониторингтік топ жол құрылысын тексеріп, тұрғын үй құрылысын қадағалады. Көңілге кірбің ұялатқан кездер де болды.
Мониторинг топ мүшелері Ақсай қаласында тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасынан өткен көп қабатты үйлермен танысты. Ақсай қаласы бойынша төртінші , бесінші шағын аудандардағы көп қабатты үйлердің шатыры жөнделген. Әр үйдің шатырына 20 милн астам қаражат бөлінген.Адалдық алаңы республикалық кеңсесінің басшысы әр үйдің тұрғынымен жеке сөйлесіп, жасалған жұмыстың сапасын сұрады.22 милн аз ақша емес, тұрғындар жұмыстың сапасын өздері талап етуі керек дейді Төлеген Байгулов.
Адалдық алаңы кеңсесінің басшысы Ақсай қаласында салынып жатырған жол құрылысына қатысты біраз сын ескертпелер жасады. Жүріп жатырған жол құрылысында технодзор болмай шықты. Жол құрылысында технодзордың болмауы сапаның төмендеуін, жемқорлық тәуекеліне әкеледі деді Төлеген Байгулов. Ақсай қаласы бойынша 28 көшеге жол салынып жатыр.Еш жерде технодзор жоқ.Төлеген Байгулов жолдың сапасын өз қолымен тексерді.Жолға деп бөлінетін қаражат өте үлкен, сапа соған сай болуы тиіс деді Байгулов.
Жол салуда сапаға мән берілуі керек.Бәлен милярдқа салынған жол халыққа мүлтіксіз қызмет атқаруы тиіс.Ал, ол үшін сапаны бақылайтын технодзор болуы керк.Бірақ адалдық алаңы жобасының жетекшісі технодзорды таба алмады.Сапаны бақылайтын адам жоқ. Құрылысшылар өздері жұмыс жасап жатыр.
Адалдық алаңы жобасыны ңжетекшісі қала әкіміне жол сапасын назарда ұстауды тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.