Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жобалау жұмыстары басталды

c 14:47, 21/05/2019 c 601

0:00 / 0:00

Жаңа кардиологиялық орталық қалалық көпбейінді аурухананың қасынан салынады. Қазіргі таңда құрылыстың жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандары медициналық нысанды жобалау барысында қателіктерге ұрынбас үшін, шетелдік технологиялардың көмегіне жүгіндік,- дейді.

Облыстық кардиологиялық орталық өз жұмысын 2003 жылдан бастады. Емдеу мекемесі 140 науқасты емдеуге арналған. Күн райының құбылуы мен жыл мезгілдерінің маусымына байланысты денсаулығы сыр беріп, жүрегінде ақауы бар жандардың қарасы көбейсе, палаталарға науқастар сыймай, олар тіпті дәліздерде ем-дом қабылдайтыны жасырын емес. Ғимараттың тарлығы медициналық қызметкерлерге де қолайсыздық келтіруде. Аталмыш мәселені шешу үшін қалалық көпбейінді аурухананың жанынан жаңадан жүрек ақауын емдейтін арнайы корпус салу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда жаңа нысанның жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысты жобалау 7 жарым айға жоспарлапты. Аталмыш жұмыстар биыл қыркүйек айында аяқталмақ. Жүрек ақауларын емдейтін арнайы корпус 5 қабатты, 160 орындық болады деп күтілуде.

Дәрігерлер жаңа бой түзейтін нысанда қыруар қаржы тұратын ангиограф құрылғысы сатып алынатындығын айтады. Бұл өз кезегінде науқастарды уақытылы тексерістен өткізіп, түрлі емдеу шараларын жүргізуге жол ашпақ. Сондай-ақ, жаңа корпусте жүректегі ақауды емдейтін жандар келешекте аритмологияны дамытуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.