Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жеңіске жетті

c 18:00, 01/07/2019 c 886

0:00 / 0:00

Бірінші лиганың 12 туры Қызылордалық "Байқоңыр" мен "Ақжайықты" жасыл алаңда тоғыстырды. Осыған дейінгі үш матчта жеңіске жеткен "Байқоңыр" төртінші матчта қонақтарға есе жіберіп, өз алаңдарында ойсырай жеңіліске жетті. Алаң иелері  жеңіс тұғырынан көрінуге  ниетті болған. Бірақ, "Ақжайық" ойыншылары алаң иелерінің бұл ойымен келіспеді. Алдымен бірінші таймның 8-минутында Сергей Басов есеп ашса, 25-минутта Ерболат Рүстемов "Ақжайық" сапындағы алғашқы голын соғып, есепті 0-2 жеткізді. Екі гол айырмасымен алға шыққан "Ақжайық" екінші таймды қорғаныста өткізді."Байқоңыр" ойыншылары есеп ашуға қанша тырысса да, оралдықтар қорғанысы сыр бермеді.Қорытынды есеп 0-2, "Ақжайық" кезекті 3 ұпайын еншіледі.
Жергілікті  аяқ доп шеберлері турнир кестесінің 5-ші орынында тұр. Алдағы ойын 6-ші шілде күні "Қайсар жастар" командасымен өтетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.