Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Жеңіс сыйлады

c 17:00, 06/02/2020 c 286

0:00 / 0:00

Жоғары лига командалары арасында бүкіл ресейлік жарыста «Ақжайық» өз айдынында «Кировецті» (Уфа) екінші рет ұтты. Есеп 4 те 2. Бұл кездесу әлдеқайда тартысты өрбіді. Бірінші таймда «Ақжайық» сапындағы ресейлік легионер Сергей Башаев есеп ашса, қонақтардан Алексей Севриков таразы басын теңестірді. Дегенмен көп ұзамай С.Башаев пен тағы бір ресейлік Максим Пахомов есепті 3:1-ге жеткізді. Ойынның екінші кезеңінде айдын иелерінен Петр Грибанов көзге түссе, «Кировецтен» тағы да А.Севриков бір голмен жауап қайырды. Жалпы есеп - 4:2. Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері 40 ұпаймен екінші топта үшінші орында келеді. Батысқазақстандық клуб келесі ойындарын 12-13 ақпанда Свердлов облысының «СКА-Свердловск» командасымен өткізеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Кировец» командасын жеңгенін жазған болатынбыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.