Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жатақханадан өрт шықты

c 17:01, 07/04/2021 c 530

7-ші сәуір күні түнгі сағат 1-лер шамасында шаһардағы Тайманов көшесінде орналасқан жатақхананың 8-ші қабатынан өрт шықты. Нақты айтсақ, жалын Тайманов 221/1 мекен-жайы бойынша орналасқан көп қабатты жатақхананың нөмірі 807-ші пәтерінде тұтанған. 20 шаршы метр аумақты шарпыған от жеке заттар мен жиһазды күлге айналдырған. Өрт салдарынан 41 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Төтеншеліктердің айтуынша, жылыту маусымы басталғалы көп қабатты тұрғын үйде өрт жағдайлары жиілеп кеткен. Жыл басынан бері 101 байланыс телефонына 405 шақырту түскен. Айта кету керек, желіде отыратын мамандар өңірде болатын кез-келген төтенше жағдайдан алғашқы болып хабардар болады. Осы тұста диспетчер нақты ақпарды тез тіркеп, бір секунтты да жіберместен өрт сөндіру техникасын және көмек көрсетуші қызметтерді оқиға орнына жөнелтуі қажет.
Жылыту маусымы басталғалы БҚО-да 99 өрт оқиғасы тіркелген. Естеріңізге салсақ, 2-ші сәуір күні Ақжайық ауданына қарасты Чапаев ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.