Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жатақхана салынып жатыр

c 14:51, 10/02/2021 c 437

Осыдан 3 жыл бұрын Елбасы "Бес әлеуметтік бастама" жолдауында студенттерге арналған жатақхана салу керектігін айтып, шенді-шекпенділерге тапсырма жүктеген-ді. Президентің тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Шәкіртақысы мен ата-анасының қаражатына пәтер жалдап, білім алып жүрген жастар қашан толыққанды жатақханамен қамтылады?

Мамандық меңгеріп жатқан жастарды тегін жатақханамен қамту мәселесі қашан да өзекті. Студенттерді алаңсыз білім алу үшін жатақханамен қамтуды 2018 жылы Елбасы өзінің жолдауында көтеріп, шенеуніктерге тапсырма жүктегені есімізде. Сол тапсырма аясында биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бір жатақхананың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген.

Жанынан жатақхана құрылысы бой көтере бастаған білім ордасының бірі-Орал политехникалық колледжі. Ескі ғимарат өткен ғасырдың 56-шы жылы салынған. Алпыс орындық жатақхана сүріліп, енді орнына жаңасын салып жатыр.

Шалғайдан келіп, білім алып жатқан студенттер құрылыстың аяқталғанын тағатсыздана күтіп жүр.

Бес қабатты жатақхананың құрылысы 2021 жылдың тамызында аяқталады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.