Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастардың діни иммунитетін көтеру ақпараттық жұмысқа байланысты

c 17:14, 19/06/2019 c 841

0:00 / 0:00

Азаматтардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану қажет. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов Орал қаласы мен аудан басшыларына осындай тапсырма берді.   Кеңес отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы рөлі және Орал Епархиясының конфессияаралық байланысты нығайтудағы жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ Орал қаласы мен Бәйтерек аудандарындағы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайына назар аударылды.Орал қаласы аумағында 24 діни бірлестік бар. Қала әкімдігі барлық конфессия өкілдерімен бірлескен іс-шаралар туралы келіссөздер жүргізуде. Теолог мамандардан, оқытушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен, психологтардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, жұмыс жасауда.Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың баяндауынша, оқу орындарында дәрістер жүргізіліп, дін ұстанушы жастар арасында интеллектуалдық жарыстар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек тұрғындардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатымен «Инстаграм», «В Контакте», «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілерінде «Діни таным», «Руханият Орал» атты топтар мен каналдарға жүргізілген іс-шаралар шығарылып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы  терроризмге қарсы комиссиясының тапсырмасы бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің құрылымы өзгеріп, қала әкімдігінің қаулысына сәйкес діни бірлестіктермен жұмыс секторы жұмыс жасай бастады. Бәйтерек ауданы әкімінің мінетін атқарушы Мұрат Залмұқановтың мәліметінше, аудан аумағында дін саласы бойынша «Шапағат шамшырағы» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды бастаған. Облыс басшысының орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы аталмыш бірлестіктің жұмысын белсендіруді тапсырып, қоғамның иммунитетін көтеру ақпараттық жұмысқа байланысты екенін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.