Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халықаралық жастар лагері басталды

c 12:14, 19/09/2018 c 853

0:00 / 0:00

Халықаралық лагерь Зеленов ауданы мен көршілес Ресей жастарының басын қосты. Негізгі мақсат: қос ел арасындағы достық пен татулықты нығайту, Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындау. Биылғы жылы бірінші рет ұйымдастырылып отырған шараға 40-қа жуық жас қатысып жатыр. Лагерьдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары жастарды мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы достықтың мән-маңызына тоқталды. Ақжайық өлкесіне арнайы ат басын бұрған Ресейлік жастар өз ризашылықтарын білдіріп, аудан мұражайына арнайы экспонатты табыстады.

Лагерьдің жұмысы барысында жастар елдің дамуы үшін ат салысып жатқан жандармен кездесіп, маңызды мәселелерді біріге талқылап, пікірлерін ортаға салады. Олар бірінші кездесуде "Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген" Ақсерік Әйтімовпен жүздесті. Ресейлік жастар да ұйымдастырылып жатқан шараның мән-маңызына тоқталып өтті.
Жалынды жастардың басын қосқан лагерь қыркүйектің 20-сында қорытындыланбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.