Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСТАР ЖАНЖАЛЫНАН КЕЙІН ТАҒЫ БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

c 17:31, 17/02/2021 c 335

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы мына жатақханада жастар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан болатын. 6 ақпан күні Х.Доспанова көшесі 58 А мекенжайында орналасқан үйдің екінші қабатындағы дәлізде бір топ жас бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Ашуға мінген 27 жасар жігіт пышақ ала жүгіріп, бірден 3 адамды жаралаған. Сол күні дәлізде болған қанды төбелесті көрген көршілер қатты шошынып қалыпты.
Расымен, төбелес кезінде қанға бөккен дәліздегі іздер әлі кетпеген. Күдікті 23 жастағы Теректі ауданының тұрғынын бірнеше рет пышақтаған. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Ішімдік ішудің арты жанжалға айналған төбелестен соң облыстық көпбейінді ауруханаға 32 және 23 жастағы жігіттер пышақ жарақатымен түскен. Ал 20 жастағы тағы бір жігіттің екі көзіне химиялық күйік келген. Денесіне пышақ сұғылған 1988 жылғы ер азаматтың жарақатының ауыр болғаны соншалық екі отадан кейін де беті бері қарамай, ауруханада қаза тапты. Енді бастапқы 1 адамды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің бабы өзгеріп отыр.
Айта кету керек, 27 жасар күдікті бұдан бұрын да бірнеше рет бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Полицияның назарына 2015 жылдан бері ілігіп, қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін әкімшілік жазаға тартылыпты. Қателігінен сабақ алмай, шайтан суға құмартуын қоя алмаған жігіт осылайша тағы да қылмысқа барып, 2 адамның қанын мойнына жүктеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.