Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас полицейлер ант қабылдады

c 17:10, 21/01/2021 c 757

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО полиция департаментінің жас полицейлері ант қабылдады. Салтанатты шара департамент ғимаратының алаңында өтіп, оған департамент басшылары, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.19 жас маман қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, еліне адал қызмет етуге уәде берді. "Ішкі істер органдарына ант қабылдау Қазақстанның барша халқына, Президентіне, Заңдарына адал қызмет ету деген сөз. Ол үлкен жауапкершілік. ҚР Заңды мүдделерін қорғауға, берген антыма адал болуға уәде беремін"- деді ант қабылдағандардың бірі-жас маман Ақылбек Зиноллин.Сондай-ақ жиын барысында БҚО ПД бастығының орынбасары Рамазанов Нұрлан ант қабылдаған 19 қызметкерге арнайы атақтарын табыс етіп, қызметтеріне сəттілік тіледі.Бүгінгі күні облыс бойынша осы салада 2000-нан аса қызметкер болса, олардың қатары тағы 19 жас маманмен толықты. Айта кеткен жөн, департамент ішкі істер органдарына қызмет етуді мақсат ететін жастарды қабылдауды жалғастыруда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.