Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жас маман-ауылға" жобасы

c 17:22, 24/02/2021 c 659

0:00 / 0:00

БҚО-да алғаш рет "Жас маман-ауылға" атты жоба іске асуда. Шараның мақсаты- ауылдық жерде тапшы кадрлардың санын толықтырып, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға жұмыс орынын ұсыну.

БҚО-да екі қолға бір күрек таба алмай, мардымды жалақы алып, отбасын асырай алмай жүрген жастар бар. Өткен жылы облыста жастар арасында жұмыссыздардың саны артқан. Бұл көрсеткіш 3,6 пайызды құрап отыр. Осындай жандарға арнап облыста "Жас маман-ауылға" атты жоба басталды. Мақсат біреу -ауылдық жерде кадр тапшылығын жою.

Жоба аясында алғаш рет бос жұмыс орындарын ұсынғандар қатарында Бәйтерек пен Ақжайық аудандары болды. Ақжайық ауданында 32 бос жұмыс орны бар екен. Негізінен дәрігер мен педагогтар тапшы.

"Жас маман-ауылға" жобасы ай сайын жалғаспақ. Шара барысында әрбір ауданнан келген мамандар бос жұмыс орындарын ұсынатын болады. Жобаға 18 жастан бастап, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қосымша ақпаратты Назарбаев 188 мекенжайында орналасқан ресурстық орталықтан ала аласыздар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.