Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәрмеңке жұмыспен қамти ма?

c 17:19, 19/10/2018 c 658

0:00 / 0:00

Бүгін жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жастарды мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық және мемлекеттік білім беру бағдарламалары туралы ақпараттандыру мақсатында дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Осы жылы ұйымдастырылып отырған жетінші жәрмеңкегеге облыстағы "Стекло-Сервис" ЖШС, "Гидроприбор" ҒЗИ, "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" АҚ сияқты ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар, Орал қаласындағы мемлекеттік мекемелерден барлығы 45 жұмыс беруші қатысып, 350-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке барысында барлығы 700-ден астам жас өз түйіндемелерін тапсырды. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында Елбасының биылғы жылғы жолдауында көрсетілген жаңа міндеттері соның ішінде жастарға қатысты бірқатар міндеттер түсіндіріліп жас мамандарға түйіндеме толтыру, әңгімелесуден өту және өзге мәселелер бойынша кеңес берілді.

Айта кеткен жөн бұған дейін ұйымдастырылған жәрмеңкелер нәтижесінде 244 жас тұрақты қазметке тұрып, 100- ге жуық жас маман жастар тәжірибесіне жолданыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.