Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС

c 17:26, 06/09/2021 c 775

Әлеуметтік желіде студенттер арасындағы жаппай төбелес желдей есіп жүр. Видеодан бір-біріне жұдырық ала шапқан жастарды көруге болады. Бір топ студент арасындағы төбелесті жатақхана терезесінен түсіріп тұрған бойжеткенің даусы естіледі. Жаппай төбелес кезінде жігіттердің бірі ауыр соққыдан есін жоғалтып, жерге құлағаны бейнежазбада анық түсірілген. Кейін оқиға 3 қыркүйек күні «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің жатақханасының алдында болғаны белгілі болды.

Соққыға жығылған жігіт жоғары медициналық колледждің студенті болып шықты. Білім ордасының басшылығы бұл жағдайдан хабардар болып, растап отыр. Айтуынша, зардап шегуші емдеу ісі мамандығының 2 курс студенті. Оны өзге оқу орнының студенттері ұрып-соққан. Дегенмен бүгінде жағдайы жақсы. Ал жастардың жаппай төбелесіне не себеп болғаны анықталуда.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы Тұңғыш Президент алаңында мектеп оқушыларының жаппай төбелесі тіркелген еді. Ол кезде жанжалға ҮШ БІРДЕЙ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСЫ БАРЫ анықтаған болатын.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.