Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәңгір хан кубогі сарапқа салынды

c 17:52, 27/12/2021 c 3542

0:00 / 0:00

ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ. УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНДА ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ АЛҒАШ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Тұңғыш рет Жәңгір хан университетінде ардагер және әуесқой спортшылар арасында волейболдан турнир өтті. Жарыста 7 команда бақ сынады. Қатысушылардың дені салауатты өмір салтын берік ұстанған ер азаматтар. Турнирді "Жәңгір хан" спорт клубы ұйымдастырды.

Жәңгір хан университетінде спортты жанына серік қылып, кәсіби тұрғыда шұғылданып жүрген жастар көп. Оқу ордасының басшылығы халықаралық, республикалық сайыстарда ел намысын қорғап, топ жарған студенттерге тіпті грант бөліп, қолдау көрсетеді. Ал ардагер спортшылар бас қосқан турнирге арнайы келген меймандар түрлі салада қызмет жасаймыз, осындай спорттық доданың арқасында денсаулықты нығайтудамыз,- дейді.

Жәңгір хан кубогі сарапқа салынған шарада оқ бойы оза шауып, қарсыластарынан айласы мен тәжірбиесі асып түскен спортшылар диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Университет басшылығы осындай спорттық шараларды келер жылы да ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.