Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңартылған білім мазмұны жарылқай ма?

c 12:41, 13/09/2017 c 1539

0:00 / 0:00


5 және 7 сыныптарға арналған Орыс тілі кітабының төңірегіндегі дау-дамай толастар емес. Әлеуметтік желіде де осы мәселені айтып шамданған ата-аналар қиындықтарын айтып әлек. Кітаптағы кейбір тапсырмалар расымен көңіл қуантпайды.  Оқулықтағы олқылықтарды айтып шамданған ата аналар тақырып төңірегінде қоғамдық тыңдау ұйымдастыруға мәжбүр. Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдастығында бас қосқан ата-аналар айтуынша, орыс тілі пәні оқулығында информатика, география, биология сынды пәндер де қамтылған. Жаңа кітаптарда бұрынғыдай «көшіріп жаз», «сөзді құрамына талда» сынды тапсырмалар емес, «бауырсаққа визит картасын құра» «бір жазба жазып ғаламторды жарып, жұлдыз болған жағдайларды білесіз бе?» секілді небір сұрақтар мен тапсырмалар бар.

"Ата аналар бұл кітапты қолдануға болмайды, тиімсіз деп есептейміз. Орыс тілін үйренуге болатындай бұл оқулықтарда ештеңе де жоқ. Тапсырмалары - түсініксіз" , - дейді  КСЕНИЯ БЕРСАГУРОВА

Орыс тілі пәнінен жаңа оқулықтарда балаларды жастар сленгіне үйретіп, жарнама, өлең жазуға жаттықтырады. Ертегі тілі шорқақ, ал өлең сөздерінде шетел тілдері көп қолданылған. Кейбір ата-аналар тіпті қосымша мұғалім жалдауға мәжбүр. Себебі, тіпті ұстаздар да жаңа оқулық тапсырмаларын түсінбей жататыны жасырын емес. Бірақ амал нешік, оқушылар сабақты бағдарлама бойынша оқуы тиіс. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ИРИНА ЛАТЫПОВА:

"Балаларға сабақ берген кезде бұрынғы тәжірибемді қолдануға тырысамын. Өте қиын. Себебі, сабақ саны қысқарған, граммантика мен жаңа тақырыптарды келістіру қиын." - дегенді айтады.

Айта кетелік, оқулықтар барлық мектептерде бірдей емес. Ата-аналар  кітаптардағы олқылықтарды жойып, қателерін дұрыстау қажет дегенді айтып әлек. Бұл үшін олар кітапты филолог мамандарға беріп, кейіннен білім басқармасы өкілдерімен де кездесуге ниетті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.