Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңақала ауданы әкімінің есебі

c 23:35, 30/01/2019 c 1031

0:00 / 0:00

Аудан әкімдері есеп беру науқанына кірісті. Есеп беру «эстафетасын» бірінші болып Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин бастады. Жалпы, аталған ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстар өте көп. Соның ең негізгілерінің бірі жаңақалалықтар біраз жылдар бойына зар болып келген таза ауыз судың жеткізілуі болса, оның сыртында әр салада жасалған жұмыстар да қаншама? Халқының басты кәсібі мал шаруашылығы болып табылатын ауданда қазір ірі қара мал саны 60 мыңға жуықтаған. Бірақ, мұнымен де бар мәселе бүтіндей шешімін тауып тұр десек қателесеміз. Аудан тұрғындары мен шаруаларын тағы қандай мәселелер толғандырып отыр? 

Жаңақаланың биылғы жылғы бюджетіне 5 млрд 259 миллион теңге құйылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 300 миллионға артық. Ал ауданға салынған инвестиция екі жарым млрдтан 220 пайызға өсіп, биыл 5 млрд 600 миллионға инвестиция тартылған. Қазір 1250 кәсіпкерлік нысандары жатпай-тұрмай жұмыстанып жатыр. Ауданның ата кәсібі мал шаруашылығы болса, бүгінгі таңда барлығы 518 шаруа қожалығы ашылған. Саннан сапаға көшкен шаруалар қазір жаппай асыл тұқымды мал алып жатыр.

Ауданның әлеуметтік жағдайы жылма-жыл артып келеді. Жүздеген жылдар бойына таза ауыз судың зардабын тартып келген жаңақала жұртшылығына соңғы екі-үш жылда 3 млрд қаражатқа Құлшық жер асты суы 320 шақырым қашықтықтан тартылып, қазір аудан халқының 82 пайызы таза ауыз сумен, 95 пайызы газбен қамтылып отыр. Әкім есебінде әлі күнге шешімін таппай отырған бірқатар мәселелер де жасырын қалмады.

Жаңақала орталығында қазір 8 мыңға тарта халық тұрады. Былтыр халықтың жеке қаржысы есебінен 8 мың шаршы метр баспана бой көтерсе, 550 адам жер телімінің, ал 338 адам тұрғын үйдің кезегінде тұр. Соңғы жылдары ауданда баспана мәселесі өте өзекті болып отыр. Аудан тұрғыны Сара Есмұрзина ұзақ жылдар бойына өздерін мезі еткен мәселені әкім есебінде сөз етті.

Жылма-жыл халық санының өсуі қосымша балабақша мен білім ошағын қажет етері сөзсіз. Тұрғындар жаңа аудан аумағына тағы бір бөбекжай салынуын сұраса, мектеп директоры білім ордасын кеңейту керек дейді.

Аудан тұрғындары ауыз су зардабынан құтылғанымен, мал су ішетін өзен-көлдер мен көлтабандардың тартылуы шаруаларға өз қиыншылығын тигізіп отыр. Шаруаларды шатқаяқтатқан мәселе де осы әкім есебінде шешілді.

Есепте көтерілген мәселелермен танысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев жаңақалалықтардың жағдайын аймақ әкіміне жеткізетінін және барлық мәселелердің мүмкіндігінше келешекте шешілетінін мәлімдеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.