Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа орталықтың қызметі

c 13:03, 31/07/2018 c 930

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Жұмыспен қамту орталығы" ашылды. Аталмыш орталық өз жұмысын шілденің 26-сынан бастапты. Қаланың орталығында өз есігін айқара ашқан орталық азаматтарға төрт бірдей мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Оралда азаматтарды жұмыспен қамту мен оларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін арнайы орталық өз жұмысын бастады. Аталмыш нысан бұрынғы халықа қызмет көрсету орталығының бұрынғы ғимаратынан орын тепкен. Замануи ғимаратты жасақтау үшін 19 млн теңгедей қаражат жұмсалыпты. Бүгінгі таңда, жұмыспен қамту орталығы мемлекеттің 4 қызметін көрсетеді. Яғни, азаматтарды жұмысқа орналастырып, аз қамтылған жандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Аталмыш ғимараттың ішінде инновациялық жобалардың бірін қолдануға болады. Яғни, орталыққа келген әрбір азамат электронды түрде "Еңбек кз" порталына түйіндемесін орналастырып, қызметке тұра алматын мүмкіндікке ие болып отыр. Бүгінгі таңда 206 адам осы ғаламтор ресурсы арқылы жұмысқа қабылданыпты.

Жаңа ғимараттың артықшылығы: мемлекеттен қызмет алушылардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайластырылып жасалынған. Жаңа орталықтың жұмысымен танысу үшін келген азаматтар, жағдайдың өзгергендігін, ғимарат олардың көңілінен шыққандығын жеткізді.

Халықты жұмыспен қамту орталығының еліміздің түрлі аумағында бой түзеген орталықтардан еш айырмасы жоқ. Биылғы жылдың өзінде аталмыш 4500 адам жұмысқа тұру бойынша өтініш білдірген. Оның 1400 ден астамы тұрақты жұмысқа қабылданыпты. 370 адам жастар практикасына жолданған. Сондай-ақ, 620 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізіпті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.