Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕШІТТЕН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

c 18:11, 09/01/2018 c 1080

0:00 / 0:00

Сәжде ететін жер, құлшылық орны делінетін Алланың үйінде әрдайым тыныштық орнап тұратыны белгілі. Алайда осы мешіт жамағатының қалтасынан ақша ұрлаған атыраулық азаматтың ісі бүкіл елді шулатты. Құлшылық үйінде бұндай азғындыққа барған ұрының әрекеті Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Адамдардың көзіне дәрет алмақшы болып көрінген А есімді азамат мешіт жамағаты намаз оқуға кеткен кезде асықпастан қалта аралаған. Айқын дәлелдермен ұсталған азамат та өз кінәсін мойындап отыр. Ол 3 күн ішінде 370 мың теңге жымқырып үлгеріпті.Қылмыстық істің ашылуына Мешіт ішіндегі бақылау камерасы сеп болыпты. Ал абай полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық кодекстің 188 бабының 2ші бөліміне сай 4 эпизодпен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Айта кетелік, бүгінде шаһардағы барлық мешіттерде бақылау камералары орнатылған. Енді осындай құрылғыларды тіпті дәрет алатын жерлерге де қою жоспарлануда.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.