Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жақсылық жаршысы

c 18:18, 09/10/2020 c 790

0:00 / 0:00

Ақ пен қара алмасқан дүниеде түрлі тағдырлар тоғысары хақ. Қамшының сабындай ғұмырда көңілге демеу болар жүрек жылуын іздеп жатамыз. Ал көне көз қарияларға көмек пен қолдау әрдайым қажет. Осы мақсатта облыс әкімдігінің қолдауымен 1 қазан мен 1 қараша аралығы "Мейірбандық күндері" деп белгіленді. Қайырымдылық айлығы аясында халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын азаматтарға қамқорлық көрсетіледі. Орал қаласында 37 ардагер, 9112 мүгедек жан, 47-мыңнан астам зейнеткер бар. Қарияларға ең бастысы ел тыныштығы және бүгінгі ұрпақтың оларға бөлер шынайы көңілі қымбат дейді жұмыспен қамту орталығының директоры.
Акция барысында егде жастағы адамдармен кездесулер ұйымдастырылады. Қарттар, ардагерлер үйлерінде мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Сауабы мол ілкімді істің бастауы болып жалғыз тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында азық-түлік таратылды. Оған қоса әлеуметтік қызметкерлер зейнеткерлердің үйіне барып үй шаруасына ат салысады. Пәтердегі тазалықты сақтауға, тамақ әзірлеп үй жинасуға әлеуметтік қызметкердің көмегі зор ,- дейді 75 жасар зейнеткер.
Акцияға жас еріктілер қолдау білдіріп жүр. Бұндағы мақсат- өскелең ұрпақтың бойына мейірім , адамгершілік сынды құндылықтарды дарыту. Жалпы өңірде 10-мыңнан астам ерікті түрлі әлеуметтік маңызы бар шараларға қатысып келеді.
Айлық аясында емханаларда ашық есік күні, демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Бұлардың барлығы көне көз қариялармызға жасалып жатырған қамқорлық пен мейірбандықтың тек бір тамшысы ғана. Ал теңіз тамшыдан құралып, көп түкірсе көл болары аян.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.