Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайма базардың орнына тынымбақ салынады

c 18:07, 27/04/2021 c 485

0:00 / 0:00

Жайма базар жұмысын тоқтатты. Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Жайық» базары маңы жабайы сауда орнына айналған еді. Бұл жерде саудагерлер өнімін сатып, күн көріп келген. Осы маңайдағы тұрғындар да сауданың көркін қыздырған. Басты себеп-жайма базардың бағасы басқа базарларға қарағанда арзандау. Ал бүгінде сол "жабайы" базардың ізі де көрінбейді.
Қала көшелерін абаттандыру, шаһар келбетін көркейту жұмыстары аясында бұл аймаққа жасыл желекті тынымбақ салынады. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып кеткен.
Ал тұрғындардың бұл бастамаға көзқарастары керағар. Әрине, қолдап жатқандар табылды. Бірақ басым бөлігі жайма сауда орындарын қайтаруды талап етуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына қарсы жандардың қарасын саудагерлер құрайды. Олар осы маңда орналасқан сауда дүңгіршектерінде жұмыс жасайды. Айтуларынша, тынымбақ салар кезде автотұрақ, жүргінші жолағы сынды қарапайым дүниелерді ұмыт қалдырған. Сол себепті сауда тұралап тұр деп уәждерін алға тартты.
Бір анығы 4 гектар аумақты алатын орынды абаттандыру жұмыстары жаз айына дейін аяқталуы керек. Құрылыс жұмыстарына "Ануш" ЖШС жауапты. Жұмыстар уақытылы аяқталса, бірден бірнеше көшені қамтитын жасыл желекті тынымбақ халық игілігіне беріледі.
Жалпы шаһарды абаттандыру жұмыстары бойынша 4 тынымбақтың сметалық-жобалық құжаттамаса дайын. Қажетті қаражат бөлінсе, ірі ықшам аудандарда жаңа серуендеу орындары ашылмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.