Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заң бұзушылық анықталды

c 18:48, 07/08/2019 c 734

0:00 / 0:00

БҚО қанттың бағасын қасақана қымбаттатқан 3 супермаркет анықталды. Сала мамандары қазіргі таңда тиісті тексеріс аяқталып, бизнес субьектілердің ісі сотқа жолданғанын айтып отыр. Супермаркет иелері бір уақытта бірінші қажеттілік тауарына жататын қанттың бағасын келісіп қымбаттатқан . Осылайша нарық бәсекелестігіне зиян келтірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мен өңіріміздегі ірі кәсіпорындар заңнаманы аяққа таптапты. Мәселен, қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы жолды күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырыпты. Аталмыш тапсырыс аясында көгалдандыру жұмысын мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болған мердігер компанияға берілді. Жалпы жолды күтіп ұстау үшін 1 млрд, ал жасыл-желекті өсіру үшін 119 млн теңгедей қаражат бөлінген. Сондай-ақ, КПО БиБи, Жайық мұнай компаниялары бәсекелестікке қарсы тендер ұйымдастырыпты. Қазіргі таңда аталмыш деректер зерттеліп жатыр. Сала мамандары барлық іс тергеліп болғаннан соң, сотқа жолдаймыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.