0:00 / 0:00
Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный ауылында су жаңа мектептің есігі айқара ашылды. Білім ордасының ашылуы мектеп ұжымы мен оқушылар үшін ғана емес, ауыл тұрғындары үшін де ерекше күн болды. Енді ауыл балалары заманауи талапқа сай жабдықталған мектепте білім алады. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.










