Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ыстық тамаққа 2 млрдтай қаржы бөлінген

c 18:48, 16/02/2018 c 885

0:00 / 0:00

Балалар сыртта қалай тамақтанады? Бұл баласы бала-бақшаға, не мектепке баратын әрбір ата-ананың көңілінде тұратын сұрақтың бірі. Өйткені көпшілік тамақтану орындардан бүгінде сенім кеткен. Бұлардың бірінен улану фактілері анықталып жатса, бірінің тамақтарының сапасы шамалы екендігі жасырын емес. Шаһардағы №38 мектептің аспазшылары таңсәріден қазан-ошақтың алдында жүр. Бірі бәліш дайындаса, бірі құнарлы сорпа әзірлейді. Ал бауыр еті балаңыз мектепте қалай тамақтанады? Түскі ас мәзіріне қандай тағамдар ұсынылған?

Нұргүл Хайруллина
аспаз:
ыстық тамақтың құрамына бірінші, екінші және үшінші тағамдар кіреді. Екі жұмалық ас мәзірі бар. 18 бала тегін тамақпен қамтылады. Тегін тамақтың құрамында әртүрлі салаттар бар, күнде әртүрлі. Балаларға тамақ өте ұнайды ))

Бүгінде облыстың 356 мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, 74 мыңнан астам оқушы ыстық тағаммен қатамасыз етіліп отыр. Бұның ішінде 57 мыңнан астамы тегін тамақтандырылады. Ал асханасы жоқ 20 мектеп әзірге буфеттік әдісті қолданып амалдауда. Айта кетелік, биыл облыс мектептерін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 1 млрд 744 млн теңге бөлінсе, қала мектептеріне 400 млн теңге қарастырылған.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.