Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" байқауы

c 17:41, 27/10/2021 c 1901

0:00 / 0:00

"Ақ жол" Демократиялық партиясы "ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" атты жалпыұлттық байқау жариялады. Байқау биыл оныншы рет ұйымдастырылғалы отыр. Жалпыхалықтық сайысқа 18 жастан бастап 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Эссе мен мақалаларды қабылдау 20-қарашада аяқталмақ.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы оныншы рет "ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" атты байқау ұйымдастыруда. Аталмыш байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары қатыса алады. Байқауға эссе мен мақалалар қабылданады. Ұйымдастырушылар төрт аталым бойынша жұмыстарды қабылдайды. Бірінші номинация -"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алаш идеялары іс жүзінде", келесі аталым: "Қазақ меценаттары және олардың Алаш қозғалысын қолдау жолындағы қызметі". Сондай-ақ "Алаш қайраткерлерінің Қазақстандағы ашаршылықпен күресі", "Алаш қозғалысының аз зерттелген және беймәлім тұстары" деген тақырыптарда қалам тербеген жандар жұмыстарын жолдай алады. Сайысқа өтініштерді 20-қарашаға жіберуге болады. Бас жүлде иеленген жанға 400 мың теңге сыйақы тағайындалады. Байқаудың ұйымдастырылуына байланысты облыстық филиалда арнайы жиын өтті.

Жиынға қатысқан ғалымдар мен педагогтер Алаш идеясының маңыздылығына тоқталып өтті. Тарихшылар 100 жыл бойы құпия құлыппен сақталған құжаттарды оқып, ашаршылық жылдарындағы елдің ахуалы жайлы жазылған құжаттармен танысқанын айтты. "Алаш" идеясы күллі қазаққа ортақ. Қиын-қыстау күнде қазақтың игілігі мен келешегі, тәуелсіздігі үшін Алаш арыстары басын бәйгеге тігіп, қалтқысыз қызмет қылды. Бірі заңды түзетсе, енді бірі білім мен медицинаға көңіл бөлді. Қазақ байлары да мал-мүлкімен арыстарды қолдауға тырысты. Тәуелсіздік жолында опат болған жандардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Жиын соңында облыстық партия төрағасының орынбасары келген меймандарға "ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы" кітабын сыйға тарты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.