Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Халықтық қатысу бюджетіне" өтініштерді қабылдау басталды

c 18:02, 17/05/2022 c 1026

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Халықтық қатысу бюджеті" жобасы іске аспақ. Әрбір тұрғын бұқараның игілігі үшін ойында жүрген жобасын әкімдікке жолдай алады. Өтініштерді 18-мамыр мен 6-маусым аралығында қабылдау басталады. Өткен жылы осы бағдарлама арқылы екі жоба мақұлданып, құрылысы басталған еді.

Шолохов атындағы саябақта құрылысы жүріп жатқан амфитеатрдың жалпы аумағы 0,2849 гектарды алып жатыр. Амфитеатрдың құрылысы мен тынымбақтың абаттандырылуы үшін 24 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Өткен жылы жоба аясында Айталиев, Жамбыл көшесінен Гагарин көшесіне дейін ұзындығы 950 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолағы салынды. Биыл да халықтық қатысу бюджеті жобасына өтініштерді қабылдау басталды. Азаматтардың ұсынысы мен идеясын қабылдау 18-мамырдан бастап, 6-маусымға дейін жүзеге асады. Мамандар аумақты көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолағын салу, қоқыс алаңдарын жою мен жаттығу жасайтын орындарды жабдықтау сынды жобалар іріктеуден өтетінін айтады.

Азаматтардың өтініші негізінде жинақталған жобалар әкімдіктің сайтына дауыс беру үшін орналастырылады. Әрбір оралдық эцқ пайдалана отырып, бір ғана жобаға дауыс береді. Дауыс көп жинаған жоба жеңімпаз болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.