Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық санағы

c 16:47, 03/09/2021 c 776

1-қыркүйектен бастап Қазақстанда халық санағы басталды. Бұл елімізде азаматтардың санын анықтайтын үшінші санақ болады. Әр он жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шараның биылғы ерекшелігі-санақ жүйесінің цифрлы форматқа ойысуы. Санақ екі кезеңде өтеді. Қазанның біріне дейін кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы sanag.gov. kz сайты арқылы сұрақтарға жауап бере алады. Ал сайт арқылы санаққа қатыспаған азаматтарды арнайы мамандар үй-үйді аралап, сұрақтарын жолдап, есепке алады. Естеріңізге сала кетейік, халық санағын өткен жылы ұйымдастыру жоспарланған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты санақтың уақыты шегерілді. Биыл осы санақты облыста толыққанды жүзеге асыру үшін 183 млн. теңгедей қаражат бөлінген. Әрбір үйді аралайтын мамандардың бейджегі, төлқұжаты, қолында планшеті болады. Халық санағы 15-қарашаға дейін өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.