Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вакцинаның әсері

c 17:42, 03/02/2021 c 443

0:00 / 0:00

Екпе алғандар өздерін қалай сезінуде? Құдды бір челлендж секілді вакцина еккендерін желіде жарыса жариялаған облыс басшыларының орынбасарлары мен лауазымды қызметтегі атқамінерлердің жағдайы қалай? Арада үш күн өтті... Мысалы, коронавирусқа қарсы вакцина алған медицина қызметкерлері өздерін жақсы сезінетін көрінеді.Ресейлік вакцинаны салдырған облыстың бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев пен орынбасары Нұрлыбек Мұстаев, облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиевтің жағдайлары жақсы дейді дәрігерлер. «Спутник V» препаратын қабылдағаннан соң олар 30 минут дәрігерлердің бақылауында болған. Ал облыстың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Арман Қалибеков бір тәулікте қалада 100-ге жуық адамның вакцина алатынын мәлімдеді. Ескере кететін бір жағдай медицина қызметкерлерінің ішінде бүгінгі күні халықпен тығыз қарым-қатынаста болатын топтар екпе қабылдауда. Солардың бірі №1 қалалық емхананың медбикесі - Меңдіғаным Ахмедиярова.Вакцинаның екінші партиясы 10 ақпан күні облысқа жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Қазір коронавирусқа қарсы күшке айналған препарат қан орталығында сақталуда. Батыс Қазақстан

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.