Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 2022 ЖЫЛДЫҢ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ АЛҚАП КӨЛЕМІ ТАҒЫ 6763 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

c 12:27, 19/11/2021 c 1259

"Қазсушар" РМК АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Павлодар облысында 2022 жылдың вегетациялық кезеңінде егіс алаңдары 6763 гектарға ұлғаяды. Бұл туралы "Қазсушар" РМК бас директоры Алтай Елжасов аталған өңірге жұмыс сапарымен барғанда белгілі болды.

Павлодар облысында жалпы егіс көлемі 58 мың гектарды құрайды. Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары бар.Алтай Аралбайұлы өңірге сапары барысында ауыз сумен жабдықтау нысандарының жұмысымен, сондай-ақ 241 "Қазсушар "ШЖҚ РМК жарғылық капиталын ұлғайту"бюджеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпорын филиалдары салып жатқан ирригациялық құрылыстардың салыну барысымен танысты.

Облыстың Май ауданында Қазсушарға қарасты екі нысан бар. Солардың бірі Майтүбек ауылындағы "Май Агро" ЖШС аумағында жалпы ауданы 1200 га суармалы сумен қамтамасыз ету үшін суару жүйесін қайта жаңарту объектісі. Екі шақырым жерге полиэтилен құбырын төсеу үшін траншея әзірленіп, құбырлар дәнекерленген. Жоспар бойынша келесі жылы құрылыс жұмысы аяқталады.

Алтай Елжасов Қаратерек ауылдық округіндегі "My Feedlot" ЖШС-не тиесілі 4500 га жердегі ирригациялық жүйені қайта құру жұмыстарымен де танысты. Нысанның құрылысы жоспар бойынша 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.

Айта кету қажет, облыста жоғарыда көрсетілген объектілердің құрылысын "Қазсушар"РМК Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан филиалдары жүргізуде.

Жұмыс сапарының соңында бас директор филиал басшыларына бірқатар ескертулер жасап, тапсырмалар берді. Мәселен, Павлодар облысы филиалының басшысы Жұмагелді Қожановқа барлық қажетті материалдарды сатып алуды аяқтап, авто және темір жолдардың астына құбыр желісін орнату жұмыстарын жалғастыруды, келесі вегетациялық кезең басталғанға дейін суару алаңын 400 га ұлғайтуды тапсырды.

Алматы филиалының директоры Саят Құдайбергеновке жыл соңына дейін электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтап, понтон дайындау міндетін жүктеді. Келесі жылдың вегетациялық кезеңінде кәсіпорынның Алматы филиалы Павлодар облысының алқап көлеміне тағы да 1350 гектарға ұлғайтуды тапсырды.

Ал Шығыс Қазақстан филиалы жыл соңына дейін конкурс бойынша барлық рәсімдерді (электрмен жабдықтау, понтон дайындау, құбырлар сатып алу және т.б.) орындауы қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.