Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰОС ардагеріне жаңа төлқұжат рәсімдеді

c 17:28, 20/01/2021 c 522

0:00 / 0:00

Халыққа қызмет көрсету орталығы мен көші-қон полициясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері 99 жастағы Чегнахаева Анастасияның мерзімі аяқталған төлқұжатын қайта рәсімдеу үшін ардагердің үйіне арнайы барды. Мамандар мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар үшін осындай қызмет көрсетеді.

Ұлы Отан соғысының ардагері Чехнахаева Анастасья Федоровна соғыс жылдарындағы әнді нақышына келтіріп орындайды. Қан майданда бейбітшілік пен келешек ұрпақтың амандығы үшін ерлермен бірге иық тіресіп, жаумен алысқан Анастасья Федеровна биыл мамырда 1 ғасырлық мерейтойын тойлайды. Ақ жаулық ана сұм соғысқа 1942 жылы атанған.

Ғасыр жасаған батыр ананың куәлігінің мерзімі біткен. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен көші-қон қызметінің мамандары Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйіне барып, құжатты рәсімдеді.

Зұлмат соғыстың куәгері болып, бүгінгі бейбіт күннің қадірін тереңнен түйсінген кейуана мамандардың өзіне арнайы келіп, қызмет көрсеткеніне дән риза.

Енді Ұлы Отан соғысының ардагері белгіленген мерзімнен кейін, жаңа төлқұжатын алады. Жалпы халыққа қызмет көрсету орталығы 2100-ден астам үйге барып, 1800-ден астам қызмет түрін көрсеткен. Коронавирус пандемиясына байланысты үйден қызмет алушылардың қатарына 65 жастан асқан жандар да қосылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.