Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық спорт

c 16:52, 26/11/2020 c 552

0:00 / 0:00

БҚО ұлттық спорт мектебінде 200-ге жуық жас спортшы білім алып жатыр. Оқушылардың көбі ат спортына қызығады. Қазіргі таңда ат спортында 70-тен астам оқушы ұлттық өнерді үйреніп жатыр.

Жасөспірімдер мен жастардың Осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған ұлттық спорт мектебіне деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда осы мектепте 196 оқушы ұлттық спортты меңгеріп, жаттығуларын пысықтауда.

Жасөспірімдердің ат спортына деген қызығушылығы артқан. Қазіргі таңда спорт мектебінде 70-тен астам бала жылқы баптап, атқа отыруды үйреніп жатыр. Оқушылар аптасына төрт рет, екі сағаттан таза ауада жаттығады.

Ат спортына қызығып келген оқушылардың бірі- Кенесары. Жас спортшы ауылдан бастап, атқа отырып, биыл күзден бастап осы спортпен кәсіби тұрғыда айналыса бастағанын айтады.

Облыстық ұлттық спорт мектебінің спортшылары мен жаттықтырушылары Азия мен Қазақстан чемпионаттарына дайындықты бастап кеткен. Спорт додаларының баршасы пандемия аяқталғасын ұйымдастырады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.