Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түрмеде өзіне қол жұмсады

c 16:13, 18/05/2020 c 450

Өгей әкесін өлтіруге себеп болған 17 жасар Ирина Лапина түзету мекемесінде өз-өзіне қол жұмсады. Оған 9 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылған болатын. Қанды оқиға 2019 жылдың тамыз айында болған. Ирина Лапина мен досы Нұрхан Мақсотқа жасөспірім қыздың анасы Вероника хабарласып өгей әкесінің зәбір көрсеткен мәлімдеген. Осы сәтте досына көмектеспек болған Н.Мақсот сөмкесінде жүрген қол орақты алып шығып, оның жүзімен жәбірленуші Есқалиевтің оң иығынан ұрып, кейін табамен, шәйнекпен, асүй балтасымен басына, денесіне бірнеше мәрте тиген ауыр соққы жасаған. Алған жарақатынан 40 жастағы Есқалиев сол жерде жан тапсырады. Олар ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағымен, яғни топтасып қасақана адам өлтіру белгілерімен кінәлі деп танылған еді. Кешкі мектептің 10-сыныбында оқыған И.Лапинаның 8 мамыр күні күндізгі уақыт 3 жарымда түзету мекемесінде асылып тұрғанын көріп, мамандар жедел жәрдем қызметін шақырады. Анықталғандай марқұмның денесінен ешқандай зорлық зомбылық әрекеттер байқалмаған.Т

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.