Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түнде жүруге тыйым салынды

c 18:22, 07/04/2021 c 553

0:00 / 0:00

БҚО да түнгі қозғалыс шектелді. Бас санитар түнгі уақыттағы қозғалысты шектеу туралы қаулысын жариялап, қажет болған жағдайда STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелу қажетін мәлімдеді.Негізінен аурудың өршуі карантиндік талаптарды күшейтуге себеп болып отыр. Түнде жүруге тыйым салынып, жексенбіде сауда үйлері жұмысын тоқтатады. Жедел жәрдем, санитарлық қызмет пен құқық қорғау қызметі, құтқарушылардың жүріп тұруына ешқандай кедергілер жоқ. Бұдан бөлек енді сенбі күні жабық сауда нысандары жұмысын жалғастырады. Ал жексенбі күні барлық базарлар қызметін уақытша тоқтатады.Жеке және заңды тұлғаларға басқа да дәлелді себептермен сағат 00.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда stopcovid.kz сайтына тіркелу керек немесе "109" телефоны арқылы өтінім қалдырады. Бұдан былай карантин қағидасын бұзғандардың барлығы қатаң жазаланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.