Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтеншеліктер 1000 - ға жуық адамды құтқарған

c 16:35, 18/11/2019 c 334

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың он айында БҚО - да 255 төтенше жағдай тіркелген. 1000-ға жуық адам құтқарылып, зардап шеккен 800 азамат қауіпсіз жерге көшіріліпті. Жалпы өңірде қауіпсіздік техникасы бойынша олқылықтардың саны азайған. Биыл 2000 -ға жуық қатер тіркеліп, 18 пайызға қызыл жалын кеміген. Облыстағы су айдындарында 25 адам опат болыпты. Суға кету деректерін алдын алу мақсатында төтенше жағдай департаментінің мамандары оқушыларға арналған оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырып келеді.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі -қысқа дайындық сауалы. Облыс аумағында қар басып қалатын 208 участкі бар. Оның ұзындығы 500 шақырымды құрайды. Сала мамандары 57 жылыту орталықтарын даярлап қойған. Қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 350 техника дайындалыпты. Өткен жылы қыста ауа райының құбылмалы болып, боран соққан кезде 109 мәрте тас жолды жапқан.

Төтенше жағдай департаментінің мамандары синоптиктердің болжамдарына сүйене отырып, келер желтоқсан айында қатты суық пен жауын шашын болмайтындығын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.