Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тілсіз жаудан 6 адам қаза тапты

c 17:58, 19/02/2021 c 475

БҚО-да 2020-2021 жылыту маусымында 163 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен 6 адам қаза тауып, 7 азамат түрлі дене жарақатын алған. Қызыл жалыннан келген зардап 560 мың теңгені құрап отыр. Жылыту маусымын қорыта келген мамандар тілсіз жау қарапайым сақтық шараларын сақтамаудан, атап айтар болсақ, электр желілерінің тұйықталуынан, балалардың отпен ойнауынан, пештердің дұрыс тазаланбауынан тұтанады деген тұжырымға келді. Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын еске салып, түсіндіру жұмыстарын қолға алғандарын айтады. Әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған отбасыларға арнайы датчик орнатып берген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.