Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Теректідегі шектеу

c 14:32, 13/09/2020 c 457

0:00 / 0:00

Теректіде коронавирус инфекциясының таралуына тоқсауыл болу үшін аудандық мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы шығарды. Қаулыда бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Шектеу шараларының көбі аудан орталығы Федоровка ауылының тұрғындарына қатысты.

Қаулыға сәйкес аудан орталығының 65 жастан асқан қарияларына аса қажет болмаса көшеге шығуға шектеу қойылды. Және Федоровка ауылының аумағында ірі азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен сауда желілерінің жұмысы тоқтады. Шектеу шаралары спорт нысандары мен саябақтарды да айналып өткен жоқ. Енді ауыл тұрғындары тынымбақтарда да серуендей алмайды. Сала мамандары бұл шаралардың барлығы ауданда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін қабылданып жатыр,- дейді.

Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, Теректі ауданында жұқпалы вирусты жұқтырған 10 дерек тіркелген. Қалыптасқан жағдайға байланысты ауыл тұрғындарымен телефон арқылы тілдестік. Өз есімін атамауды сұраған азамат жағдайдың бірқалыпты екенін айтты. Оларға ауылдағы барлық базарлар мен нысандардың жұмысы тоқтайтыны туралы әлеуметтік желілер арқылы хабарлама таратқан.

13-ші қыркүйектегі мәліметке қарағанда БҚО коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас тіркеліпті. 22 азамат ауруынан құлан-таза айыққан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.