Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқалада игі іс көп

c 16:46, 21/08/2020 c 567

0:00 / 0:00

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің бастығы Рустам Ақмырзаев Тасқала ауданында жұмыс сапарымен болды. Мемлекет басшысының "Еститін үкімет" қағидасын жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстардың орындалуын қадағалай барған департамент басшысы, ауданда атқарылып жатырған бірқатар жұмыстармен танысты. Соның ішінде жол, спорт кешенінің құрылысы секілді өте ауқымды жобалар да бар.
Тасқала ауданына келген БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл департаментінің бастығы Рустам Ақмырзаев алдымен аудан орталығындағы атқарылған жұмыстармен танысты. Биыл Тасқала ауданында 105 млн қаржыға 6 көшенің жарық шамы мен электр желілері ауыстырылыпты. 30 жыл бойына әбден тозығы жеткен электр желілері мен жарық шамдар үнемі істен шығып мазаны алатын. Енді бұл қиындық артта қалды. Бұл бағыттағы жұмыстарға бөлінген қаржы өз ретімен жұмсалып, аудан тұрғындарына қуаныш сыйлап отыр.
Тасқала ауданында 28 көшеге тас жол төселу жоспарланып отыр. Биыл бірнеше көшеге тас жол төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан орталығында бұл жұмыстарға соңғы технологияны пайдалануды ұйғарған.Тас жолдар қиыршық тассыз төселеді. Бұл өз кезегінде қаражатты да, уақытты да үнемдейді дейді мамандар.
Бұдан бөлек Тасқала ауданында болған Рустам Ақмырзаев аудан орталығында құрылысы жүріп жатырған спорт кешенінің жұмысымен танысты. Бұл аудандағы ең үлкен спорт нысаны болмақ. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың тамызында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Тасқала ауданы бойынша мұндай үлкен спорт нысаны бұрын болмаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.