Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тамыздан бастап "FLYARYSTAN" Оралға ұшпайды

c 09:26, 20/07/2022 c 2047

0:00 / 0:00

Осыдан үш жыл бұрын халыққа қолжетімді ұшақ ашылғанда қуанған оралдықтардың қуанышы ұзаққа бармады. "Еуразияның арзан авиакомпаниясы" деп таныстырған "Флай Арыстан" компаниясы тамыздан бастап Оралға қатынасты тоқтататын болды. Ішкі рейстерді тоқтату туралы ақпар ақжайықтықтарды алаңдатып қойды. Тамызға сапарын жоспарлап, ерте билет сатып алып отырған жандарға компания билет құнын қайтарып беруге уәде берді. Алайда көрсетілген телефондардың тұтқасын ешкім көтермейді деген жолаушылардың қарасы қалың.

Алдағы тамыз айынан бастап халыққа қолжетімді ұшу қызметін қамтамасыз етіп келген "Флай Арыстан" компаниясы Орал қаласына ұшатын ішкі рейстерін қысқартады. Бұндай ақпарат келесі айға сапарын жоспарлап, ұшақ билетін сатып алған жолаушыларды жабырқатып қойды. Компания Орал қаласына қатынайтын қызметін кеміту себебін былай деп түсіндіреді.

Азаматтардың басым көпшілігі бір-екі ай бұрын арзан билет сатып алған. Ұшақтан құр қалған жандар қазір пойызға билет іздеп жатыр. Ал шетелдегі қандастар Оралға орала алмай отырғанын айтады. Мәселен, Орал қаласының тұрғыны Есенжол Елекенов алдағы айда Англиядан елге Стамбул арқылы келем деп әуе билетін сатып алыпты. Енді Оралға бұл ұшақ ұшпаса елге қайтіп келімін деп көңілі алаңдаулы.

Қала тұрғындарын жаңадан қолданысқа тапсырылған жаңа әуежайдың ұшақ қонатын жолағы мен жасанды төлемі қалай тозып қалды деген сұрақ мазалайды. Ұшақ қонатын жолақ пен перрон 7-8 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен еді.

Ал, Мәншүк Мәметова атындағы "Орал" халықаралық әуежайының бас директоры Азамат Тұраш ұшақ тұратын орындар мен перронды 2023-2024 жылдары ғана қайта жаңғырту жұмыстары атқарылатынын айтады.

2024 жылға дейін Оралдың әуежайы Эйрбас 320 сынды ұшақтарды қабылдауға қауқарсыз. Ал тұрғындарға қызмет көрсететін өзге әуе компаниялары ұсынған билет құны қымбат. Қымбат билетті қанша ай бұрын ерте сатып алсаңыз да қалтаңызға салмақ түсері анық. Жалпы жаз маусымы басталғалы қазақстандық әуе тасымалы саласы жиі сынға ұшырайды. Рейстерді жолаушыларға ескертпестен кейінге шегеріп, немесе мүлдем ұшақты ұшырмай тастайды. Жолаушылар дауласып жүріп, билеттің құнын қайтарып, заңнамада көрсетілген талаптарды орындатуға мәжбүр. Енді оралдықтардың тамызда алған билеттерін "Флай Арыстан" компаниясының қашан қайтаратыны да бәймәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.