Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тамыз мәслихатында өзекті мәселелер талқыланды

c 10:21, 27/08/2018 c 816

0:00 / 0:00

Қалалық білім беру ұйымдарының педагогтары тамыз мәслихатында бас қосты. Аталмыш шара Теdх форматында ұйымдастырылған болатын. Тамыз мәслихаты төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталын арттыру көзделген еді. Биылғы оқу жылында шаһарымыздың педагогтары қандай жаңашылдықты қолданысқа енгізеді? Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер турасында толығырақ арна тілшісі сабақтап берсін.

Елімізде білім беру саласын жақсарту үшін бірқатар шаралар легі қолға алынған. Мәселен, өткен оқу жылында 3 мектеп қолданысқа беріліп, 50 бөбекжай қызмет етуде. Сондай-ақ, шаһар көлемінде 49 жекеменшік бөбекжай жұмыстанып жатыр.

Оқушылармен бірге мектепте қызмет жасайтын педагог кадрлардың өсімі де байқалады. Биылғы оқу жылында 3738 мұғалім қызмет жасамақ. Қала ұстаздары заман талабына сәйкес, кең жолақты ғаламтордың көмегін қолдана отырып, Білім лэнд, электронды күнделікпен жұмыстанып жатыр. Тамыз мәслихатында бас қосқан педагогтар бір жылдың ішінде қағаз бастылықтан арылып, барлық құжаттардың баршасын электронды қолданысқа енгізгендіктерін тілге тиек етті.

Биылғы оқу жылында білім беру саласында жаңашылдықтар көп. Білім беру ұйымдарында "IT" кабинеттері жасақталмақ. Сондай-ақ, жиын барысында қала мектептерінің 44-інде WI-FI аймағы орналасатыны айтылды. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы өз сөзінде, ата-ананың айтылған уәжін мысалға келтіріп, мектеп директорларына жаңашыл жүйеден келетін зардаптың мөлшерін анықтауға тапсырма жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.