Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тайып құлап, жарақат алғандар саны артты

c 17:45, 06/12/2018 c 707

0:00 / 0:00

Алдағы күндері ауа райы қайтадан суытады деп болжам жасайды синоптиктер. Осы орайда коммуналдықтар күшейтілген режиммен қызметке кірісті. Яғни адам жүретін жолдарға құм аралас тұз себеліп сақтық шаралары қолға алынған. Десе де дәрігерлер соңғы екі күнде аяғы тайып жарақат алғандар қатары күрт көбейді деп отыр.
Бұл қалалықтардың пікірі. Тұрғындар сөзінің де жаны бар дерсің. Өйткені аяғы тайып, жерден таяқ жегендер қатары соңғы екі тәулікте күрт көбейіпті.

Соңғы екі күнде қол аяғы сынып жарақат алғандар қатары күрт артты. Әсіресе кеше көмек алғандар көп болды. 280 адамға түсірілім жасадық.

Сала мамандары бұл жағдайды ауа райының күрт суытуымен байланыстырады.
Аталмыш мәселе комуналдықтар үшін тосын сый емес. «Орал таза сервис» ЖШС -нің 300 ден аса қызметкері атқа қонып, күні бүгінге дейін шаһар ішіне 3500 текше метр тұз аралас құм себілген.

Ал синоптиктер болса ертең облыстың кей жерелерінде қар жауып келесі аптада аязды ауа райы орын алады деп болжап отыр. Ендеше сақтық шаралары сіз бен бізге байланысты болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.